2022 жылғы 30 мамырда «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары маусымының ашылу салтанатты рәсімі өтті.
Биыл «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыруға біздің университеттен 180-нен астам студент қатысады.
Еңбек маусымының ашылуына арналған «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары маусымының ашылу рәсімі жастарды біріктіруге бағытталған және жастардың қоғамдық пайдалы еңбекке оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал ететін жыл сайынғы дәстүрлі іс-шара болып табылады.
Іс-шараның ашылуына Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Алма Ауғанбаева және Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры м.а Дидарбек Ділдәбектің қатысуымен өтті. Шара концерттік бағдарламамен өтіп, студенттердің флешмоб биімен аяқталды.